Қызылорда өңірінде төрт түліктің саны көбеюде.Сонымен қатар, оларға жұғатын түрлі дерттердің де қатары кем деуге болмайды.Жануарларды лдын ала егу жұмыстары жүйелі жолға қойылған. Десе де, ем қонбайтын сәттерде ауру малдардың өлекселері мен биологиялық қалдықтарды тастайтын 146 қорым бар.Соның ішінде ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес типтік жобадағы 90 мал қорымы жасақталған болса, қалған 56-ы қарапайым шұқырлар.
АШМ тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес, ҚР Үкіметі және Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы арасындағы келісімді іске асыру мақсатында, жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын-алу бойынша аймақта симулятивті оқу жаттығуы өткізілген. Оқу-жаттығу барысында сібір жарасы ауруына күдікті жағдай тіркелген уақытта алгоритмге сәйкес тиісті мекемелерге хабарламалар беру, өлекселерден патологиялық үлгілер алу, оларды ветеринариялық зерітханаға жеткізу, карантин іс-шараларын белгілеу, сауықтыру жұмыстарын жанжақты ақпараттандырған.Әдістері толыққанды түсіндіріліп, көрсетілген.
ШАХМАРДАН ҚОЙШЫБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ Сонымен қатар облыс көлемінде ауыл шаруашылығы жануарлары арасында ауру ошақтарын болдырмау, алдын алу, тұрақтылықты сақтау мақсатында 2023 жылы аса қауіпті 14 түрлі жұқпалу ауруларға 6973,5 мың доза ветеринариялық препараттар облысқа толық тасымалданып жеткізілген.