Қытымыр қыстың әуресі енді басталмақ. Синоптиктер алдағы 3 күнде республиканың бүкіл Батыс жартысына Батыс антициклон әсер ететіндігін айтты. Яғни, жауын-шашынсыз аязды ауа райы күтілуде.
Еліміздің қалған аймақтарына оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, олармен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, көктайғақ, тұман және боранмен желдің күшеюі күтіледі. Түнде елдің батысында ауа температурасы 22-30 аязға дейін, солтүстік-батыста 20-30 аязға дейін, солтүстікте, орталықта және шығыста 7-18 аязға дейін әлсірейді.
Ал, оңтүстікте 5 градусқа дейін ауа температурасы көтерілсе, оңтүстік-шығыста 0-10 градус аязға дейін төмендейді. Сондықтан, мамандар қала тұрғындарын барынша жылы киініп, сақтық шараларын бұзбай, жолда абай жүруге шақырады!