Ақмола облысы Аршалы аудандық полиция бөліміне құрылыс нысанында қайғылы оқиға орын алғаны жайында хабарлама келіп түскен. Белгілі болғанындай, құрылыс алаңында жұмысшы биіктіктен құлап, мерт болды. Жұмысшы Астана қаласының 57 жастағы тұрғыны. Аршалыда құрылыс нысанында еңбек еткен. Құрылыс жұмыстарына арналған 4 метрлік арнайы секция құлап кетіп, жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Қазір тергеу амалдары басталып кетті.
ГҮЛНӘР ПИНЧУК АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ «Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі 156-шы бабының 3-ші тармағына сәйкес абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған еңбекті қорғау қағидаларының бұзылуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Сот-медицина сараптамасы тағайындалды. Тексеру жүргізіліп жатыр».