Үлкен Арал теңізінің құрғаған табанына 10 мың дана сексеуіл көшеті отырғызылды. Эко жобаға шет елден және еліміздің әр өңірінен жиналған еріктілер атсалысты. 

Жергілікті орманшылар 10 мың дана сексеуіл көшетін әзірлеп, 70 ерікті топ-топқа бөлініп, шөлге төзімді қара сексеуіл көшеттерін отырғызды.Тамыры түрлі минералды тыңайтқыштармен қоректендірілген. Ұзақ уақытқа дейін ешқандай ылғалсыз-ақ өсіп-өне береді. Бұл сексеуіл егудің ең тиімді әдісі деп отыр мамандар.

ӘЛІБИ ҒАЗИЗҰЛЫ, «Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығы» РМҚК бас директоры: 
«Әрине, көшетпен отырғызғанның өнімділігі жоғары. Бірақ, тұқыммен отырғызғанда біз көлемін молыр-ақ істей аламыз. Шығымдылығы сол 25-27 пайызға дейін барады. Ол өте жақсы көрсеткіш».

 Мәліметке сүйенсек еліміздің аумағында құрғаған теңіз табанының көлемі 2 миллион гектардан асады. Одан жыл сайын тонналаған тұзды шаң ауаға көтеріледі екен. Осы жағдайды ескерсек атқарылып жатқан жұмыстардың пайдасы шаш етектен. 

ЖҰЛДЫЗ ЖАЗЫЛБЕКОВА, ЕРІКТІ

Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін теңіздің құрғаған 1,1 млн гектар жеріне сексеуіл отырғызуды орманшыларға міндеттеді. Игі істің келер жылы да жүзеге асуына орманшылар мен еріктілер зор құлық танытып отыр.