Өткен сенбіде ҚР Ұлттық Ұлан академиясының 1 курс курсанттарының әскери ант беру рәсімі өтті. Үстіміздегі жылы 200-ден астам курсант Отанға және халқына адал болуға салтанатты түрде ант берді.
Шара барысында сарбаздар адал болуға серт берді. Ант қабылдағандардың қатарында Көкшетау қаласының тумасы Нұрлан Боранбай бала кезінен әскери қызметші болуды армандаған. Сол себепті Қарағанды қаласындағы Жас Ұлан мектебінде оқып, кейін ҰҰ академиясына оқуға түсуге шешім қабылдайды.
НҰРЛАН БОРАНБАЙ ҚР ҰҰА 1-КУРС КУРСАНТЫ: «Мен осы академияны 9-шы сыныптан армандап түсіп жатырмын. Өйткені мен кішкентай кезімнен военный болғым келді. Және осы өмірді таңдауға шешім қабылдадым.Әскери өмір мен үшін қиын емес. Өйткені мен одан бұрын Қарағанды Жас Ұлан мектебінде оқығанмын. 1мен 2 курсты бітіріп, осы академияға түсемін деп шештім. Мен үшін ол қиын емес».
Болашақ офицерлер академияға қабылданбас бұрын бірқатар сыннан өтті. Олар нормативтер орындады, қабылдау емтихандарын тапсырды. Осылайша конкурстық іріктеуден және жалпы әскери дайындықтан өтті. Болашақта курсанттар әскери істің қыр-сырын игеріп, Отанның сенімді қорғаушыларына айналады.
ЖАМБЫЛ КҮЛБАЕВ ҚР ҰҰА ҚЫЗМЕТТІК-ЖАУЫНГЕРЛІК ТАКТИКА КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: «Әскери дәстүрге сәйкес Отан алдында ант қабылдау. Бұл ант қабылдау рәсімі өзіміздің ер азаматтардың ер жеткендігін дәлелдейді және де Конституция заңы бойынша өзінің Отанының алдында Отан қорғау дәрежесіне жетіп нағыз ер азамат болып, өмірінде бір ақ рет келетін ант қабылдау мерекесі болып табылады. Осы жастарымыздың барлығын бүгінгі ант қабылдаумен құттықтаймын. Дендері сау болсын өмір жастары ұзақ болсын».
Ұлттық ұланы академиясы құрылған1997 жылдан бері 4 мыңнан астам курсант бітірді. Олар еліміздің ішкі әскерін толықтырып қана қоймай, басқа да әскери құрылымдарында қызмет атқарып жатыр.