"

"

Ұлттық банк "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы бойынша қаржыландыруды тоқтатады. Себебі, банкке тиімсіз. Бұл туралы банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты.

ҒАЛЫМЖАН ПІРМАТОВ ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ: «Ұлттық банк экономикалық қызметке қатыспайды – біз салық алмаймыз, кіріс кірмейді, алым алмаймыз. Біз тек теңге шығара аламыз, ал қосымша теңгенің әрбір шығарылымы болашақта инфляцияға әсер етеді. Сонлдықтан, Ұлттық банктің экономиканы қолдаудың барлық бағдарламаларынан бас тартуы дұрыс болар еді деп есептейміз. «Қарапайым заттардың экономикасы» және «7-20-25» бар, олардан тезірек шығуды жоспарлап отырмыз».

Айта кетсек, бүгін баспасөз мәслихатын өткізген Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5 пайызға дейін төмендеткенін айтты. Банк басшысынан журналистер базалық мөлшерлеме тағы төмендей ме деп сұраған еді, алайда төраға оған үміттенуге әлі ерте деді. Ал, бағаның өсуін Ғалымжан Пірматов Ресейдегі инфляциямен байланыстырып отыр.