"
"Ұлттық ойынымыздың бірі тоғызқұмалақтың жаңа тәсілі жастарға таптырмас құрал болып отыр.Алматы облысының жастары айтулы ойын түрін топпен ойнап,жүлделі орындардан көрінуде.
Қазақи аңыздарға сенетін болсақ, тоғызқұмалақ ойынын қарапайым қойшылар ойлап тапқан. Тоғызқұмалақ тақтасы ретінде олар жерді қазып, арнайы шұңқырлар жасаған. Ал, құмалақтарды дайындау үшін қойлардың құмалағын кептіріп қолданған. Бүгінде заманауи түрі ұлттық ойындарымыздың біріне айналып отыр. Алматы облысы бойынша тоғызқұмалақтан аға жаттықтырушы Адият Болтайдың бастамасымен тоғызқұмалақтың топпен яғни алаңда ойнау тәсілі сәтті жүзеге асырылып келеді.Оның шәкірттері жасөспірімдер арасында Қарағанды қаласында ұйымдастырылған чемпионатта жеңіс тұғырынан көрінді.
АДИЯТ БОЛТАЙ ТОҒЫЗ ҚҰМАЛАҚ ОЙЫНДАРЫНАН АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ:
Жамбыл ауданына қарасты Ақсеңгір ауылының жастары тоғызқұмалақ ойындарына ерекше қызығушылық танытып отыр.Нәтежиесінде Қазақстан Республикасының чемпионатында соңғы 4 жылда 7 чемпион, 15 жүлдегер шықты.
ІНЖУ ХАБАНБАЙ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ
Жамбыл ауданына қарасты Ақсеңгір ауылында орналасқа орта мектепте 490 бала білім алады.Жастардың жазғы демалыс уақыттарында бос уақыттары болмайды.Білім ошағында бокстан, күрес түрлерінен, волейбол, футбол, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шахмат сияқты спорт түрлерінен үйірмелер жүргізіледі. Аталған спорт түрлерінен аудан, облыс, республика, Азия көлемінде жетістіктерге жетіп жүр.Жастардың ел намысын қорғайтын сәттерінде жергілікті әкімдік тарапынан ерекше қолдау көрсетіліп отырады.
ЕРЖАН ҚАСЫМШАЛОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ АҚСЕҢГІР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ