"

Бүгін Алматыда Акушерлік, гинекология және перинатология бойынша ұлттық ғылыми орталық өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтті. Бұл маңызды оқиға тек Орталық үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен маңызға ие.
Конгресс жұмысына  Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Литва, Чехия, Словения, Грекия, АҚШ және Мексика сияқты елдердің жетекші медициналық мекемелерінен келген мамандар мен сарапшылар қатысты. Шара барысында олар, айтулы мәселеге орай өзекті мәселелерді алға тартты.

ЛОКШИН ВЯЧЕСЛАВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИГІ «Бүгін елімізде  маңызды оқиғалардың бірі: Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығына 50 жыл толды. Бұл орталық еліміздегі барлық акушерлік-гинекологиялық қызметті басқарады. Шынымен де, репродуктология акушерлік-гинекологияның бір бөлігі, оның шағын, бірақ маңызды саласы болып табылады, себебі барлық әйелдер босану процесінен өтеді және, өкінішке орай, репродуктивті жүйе ауруларына ұшырайды. Олардың тек 10-15% ғана бедеуліктен зардап шегеді, сол уақытта репродуктологтардың көмегі қажет болады.Сондай-ақ, өткен жылдары елде ана өлімі айтарлықтай төмендеді».

Орталық жарты ғасыр бойы елдегі акушерлік-гинекологиялық көмектің дамуының бастауында тұрып, ана мен бала денсаулығын қорғау саласында ғылыми, клиникалық және білім беру қызметінің көшбасшысы болды.

ЭЛЬВИРА САРМАНОВА, АКУШЕРЛІК ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАТЫРДАН ТЫС ҰРЫҚТАНДЫРУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ «Бұл ғылыми конгресс біздің Акушерия және Гинекология ғылыми орталығының 50 жылдығына арналған яғни ширек ғасыр көлемінде  біздің ғылыми орталық акушерия саласындағы ең басты орталықтардың бірі болып саналады, себебі Республикалық орталық.Бұл Ғылыми конгресске тек қана Қазақстаннан емес бүкіл шетел елдерден мамандар келіп жатыр, заманауи технологиялар, жасанды интеллект  жайлы ақпарат беріліп жатыр яғни жас мамандармен өзіміздің прфессорларлық құрам үшін өте ақпаратты мәселелер көтеріліп жатыр».

Қазіргі таңда әйел бедеулігімен қатар, ерлерлер белсіздігі де артып келеді. Алдын алу үшін, ең алдымен, денсаулықты жақсарту керек. Бүгінде елімізде әлемде қолжетімді барлық әдістер қарастырылған, керісінше елімізге  емделу үшін туристер көптеп  келуде , себебі бес күндік эмбрионды генетикалық зерттеу, елеулі ғылыми зерттеулер де, суррогат аналық бағдарламаларын жүргізу мүмкіндігі де қарастырылған. Аурудың алдын алу үшін қыздарымыз жыныстық жолмен берілетін аурулардан қорғанып сақтана білуі керек дейді мамандар.