"
Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің ең үлкен партиясын тәркіледі. Оның "қара" нарықтағы құны 15 млн долларды құрайды. Түркістан облысындағы «Қонысбаев атындағы бақылау-өткізу пунктінде» шекарашылар қызметтік итті пайдалана отырып, ауыр жүк көлігінде аяқ киім бояуға арналған ыдыстарға жасырылған күдікті заттарды тапты. Ол заттардың құрамында героин болған. Жалпы салмағы 775 келіні құрайды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталды.
Олар сот санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр,- деп хабарлайды еліміздің Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті.