Ұлыбританияның тәтті құмарлары енді пластмасса қосылған балмұздақ жейтін болады. Кінәсінен тазарғысы келгендер үшін таптырмас дәм болмақ.
Бұл ванильді балмұздақты Лондон өнер университетінің дизайнері және студенті Элеонора Ортолани дайындады. Алайда, әзірге оның дәмін ешкім татып көрмеді. Десертке пластиктен жасалған ванилин қосылған. Элеонора өз туындысын "кінәнің дәмі" деп атапты.
ЭЛЕОНОРА ОРТОЛАНИ – ДИЗАЙНЕР: "Кінәнің дәмі" - бұл менің ойымша, пластикалық қалдықтардан жасалған алғашқы балмұздақ. Бұл балмұздақтағы ванилин бөтелкелер жасалатын пластиктен жасалған".
Мұндай балмұздақ жасау қиын процесс.Пластикті, сондай-ақ әртүрлі ферменттерді ыдырататын бактерияларды пайдалана отырып әзірлейтін бұл әдісті, Эдинбург университетінің ғалымдары дайындаған. Элеонора жобаны қоғамдық орындарды пластикпен ластап жататындарға үлгі болсын деп жасаған. Алайда, әзірге мұндай балмұздақты жеуге болмайды.
ЭЛЕОНОРА ОРТОЛАНИ – ДИЗАЙНЕР: "Идея-азық-түлік жүйесінің мәнін қайта қарауға көмектесетін заманауи технологияларды көрсету".
ДЖОАННА САДЛЕР – БИОТЕХНОЛОГ: "Қоғам өкілдері маған электронды пошта арқылы адамдарды пластикті жеуге шақыру жауапсыздық деп жазуда. Менің ойымша, бұл өнім туралы қате түсінік болуы мүмкін, өйткені процестің соңында ол пластик болуды тоқтатады".
Ғалымдар бұл өнім алдымен көптеген тексерулерден өтуі керек деген пікірде. Ваниль - әлемдік нарықтағы ең қымбат дәмдеуіштердің бірі. Шафраннан кейін екінші орында тұр. Оның қымбаттығына байланысты олар жасанды алмастырғыш-ванилин жасай бастады. Бірақ нағыз ванильдің нәзік хош иісі мен иістің беріктігі қайталанбайды дейді мамандар.