2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін жаңа әлеуметтік төлем енгізіледі. Әлеуметтік төлем мамандардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.
Төлемді тағайындаудың негізгі шарттары: 55 жасқа толу және зейнеткерлік жасқа әлі жетпеуі, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында кемінде 84 ай міндетті кәсіптік зейнетақы аударымдарының болуы болып табылады.
АСҚАР АЙМАҒАМБЕТОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:«Қазір әрбір қызметкерге БЖЗҚ-ның 10% табысынан, ал жұмыс беруші зиянды еңбек жағдайларында жұмыскерлер үшін 5% аударылады. Осылайша, арнаулы әлеуметтік төлемдер алуға құқық берілген жағдайда орташа мөлшері шамамен 200 мың теңгені құрайды. Ал егер осындай салаларда жұмыс істейтін қызметкерлердің табысын ескере отырып, жеке қарайтын болсақ, олардың мөлшері әлдеқайда жоғары болуы мүмкін».
Талап - зиянды еңбек жағдайындағы жұмысты тоқтату. Осылайша, жұмысшы жұмыс берушімен келісім бойынша зиянды факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауыса алады немесе еңбек шартын бұзуға құқы бар.