"

Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері,Халықаралық шабыт фестивалінің лауреаты,Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты,Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Әлібек Шегебайдың 50 жас мерейтойына орай Көңілімнің көктемі және Өмірімнің өткелі атты қос бірдей кітабының тұсаукесері өтті. Шараға қатысып қайтқан тілші тарқатады.

Бірнеше жыр жинақтарына өлеңдері енген «Алакеуім», «Әйнекке түскен ай сәуле», «Ақ қауырсын», «Ақ жауын» атты өлең кітаптары авторының әдеби әлемі тағы да қос бірдей кітаппен толықты. Әр өлеңімен оқырманының көкейіндегі көңіл қылын шерте білген ақынның қаламы қармамаған тақырып аз. Ауыл өмірі,махаббат сезімі,ел айналасындағы оқиғалар өлеңдерінде өрнектеліп,шебер жеткізе білген ақын.

ТЕМІРҒАЛИ КӨПБАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АЛАШ» ӘДЕБИ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ, АҚЫН

Осы жылы ердің жасы елуді еңсеріп,Қазақ әдебиетінің рухани қазынасын қарымды қаламдарымен байытып жүрген бірқатар қаламгерлердің мерейтойларына орай Атамұра баспасы тарапынан кітаптарының жарық көруіне қолдау көрсетілген. Әлібек Шегебайдың да  Көңілімнің көктемі атты жыр жинағы аталмыш баспадан 2000 данамен басылып шыққан.

РАҚЫМҒАЛИ ҚҰЛ-МҰХАММЕД «АТАМҰРА» КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Көз тастап өткен күндер тізбегіне,
Қараймын ойқы шойқы іздеріме.
Есігін егделіктің еппен ашып,
Елуге келіп қаппыз біз де міне деп елу жасын жырына арқау еткен ақын үшін бір белес бұл,ары қарай оқырмандарымен тың дүниелерімен бөліспек ойда. 

ӘЛІБЕК ШЕГЕБАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ШАБЫТ» ФЕСТИВАЛІНІҢ  ЛАУРЕАТЫ, АҚЫН

Қазақ әдебиетінің қазынасын байытар қаламыңыз қарымды болсын.