"
Өзінің жасаған іс әрекеттерімен,зәулім сарайлар мен қалалар салдырып тарихта қалған билеушілер аз емес. Темуридтер әулетінің негізін қалаушы, Орта Азия билеушісі – Әмір Темірдің басшылығымен де тарихи жәдігерлер тұрғызылып,құнды дүниелер қалдырылған. Әмір Темірдің қазақ жерінде қалдырған үшінші ескерткіші жайлы не білеміз,толығырақ тілші тарқатады.
Қазақстан аумағындағы Әмір Темірдің ең құнды саналатын туындысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі.Шеберлер мен ұсталарды парсы елінен алдырып, екі жылда тұрғызылған үлкен кесене 2003 жылы ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне енгізілді. Кесененің төбесі күмбезделіп, қабырғалары айшықты керамикалармен қапталған. Сырт қабырғаларындағы айшықтарда құран сөздері ойылып, жазылған. Ал, кесененің ішінде тұрған салмағы екі тонналық Тай қазан әртүрлі металлдар қосындысынан құйылған әлемде теңдесі жоқ өнер туындысы, әрі қасиеті ерекше қазан. Ұлы тұлғаны тереңдеп тануды ғылыми түрде қолға алған тарихшы ғалым Меруерт Ибрагимова билеуші жайлы деректерді зерттеуді қолға алған. Кітаптар,оқулықтардың жоқтығын алға тартты.
МЕРУЕРТ ИБРАГИМОВА ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ,ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Әмір Темір жорықтары кезінде Қазақстанның аймағында тағы бір ескерткіш орнатқан. Әмірші тас қалаушыларға жаугершілік заманның тарихын тасқа қашап жазуды бұйырады.
МЕРУЕРТ ИБРАГИМОВА ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ,ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Тасқа қашап жазылған тарихты зерттеп зерделеп сол күйінде келешек ұрпаққа аманаттау үлкен парыз.