Отандық әскерилер қазақ батырларының құрметіне арналған челендж бастады. "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының Тараз қаласындағы механикаландырылған құрамасының мотоатқыштары "Батыс" өңірлік қолбасшылығының теңіз жаяу әскерлері бастап, астаналық құрама әскери қызметшілері қостаған челленджді жалғастырды. Бауыржан Момышұлы атындағы механикаландырылған құраманың әскери қызметшілері 24 шақырымдық марш жасады. Жүгірушілер легін құраманың штаб бастығы подполковник Арман Сабыров, сондай-ақ бөлім командирінің орынбасарлары мен құрама сержанты басқарды. Спорттық челленджге офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерден бөлек мерзімді қызметтің сарбаздары да қатысты.
БАҚЫТЖАН АЙТБАЕВ 1-ДӘРЕЖЕЛІ СЕРЖАНТ: «Бүгінгі біздің іс-шара 2024 жылға арналған челенджді қабылдап, бригада құрамымызбен 24 марш жасаудамыз. Бүгінгі іс-шара челенджімізді Шығыс өңірлік қолбасшылығына жолдаймыз».