Абай Құнанбайұлының мол мұрасы бүгінгі ұрпаққа рухани қазына. Абай мұрасын жастарымыздың бойына сіңіру- болашаққа жарқын жол табу. Осыған орай Ұлы ойшылдың  180 жылдық мерейтойына арналған “Адамзаттың асылы- Абай” атты тағылымды іс-шара өтті. 

Қазақ халқының ұлы ойшылы, кемеңгер ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлына арналған рухани-танымдық шараның мақсаты ұлы тұлғаның мұрасын дәріптеу,тереңіне бойлау, ұрпақ санасына сіңіру.Шара аясында Абайдың өмір жолына,шығармашылығына,өлеңдері мен қара сөздеріне терең үңіліп, сол заманға тән театр костьюмдерін киіп,көріністер көрсетіліп Абай дәуірі сахна төрінде қайта тірілді.                     

АЙЖАН ҚАСЫМОВА  АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТҮРКСІБ АУДАНЫ №211 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

АЙЗЕРЕ ДӘУІТБЕК

Бүгінгі шара өткен мен бүгінді сабақтастыра отырып, рухани мұраны жаңғыртудың жарқын үлгісі.