Жастарды түрлі үйірмелерге баулу олардың шығармашылық қабілетін дамытып, өмірлік дағдыларын қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді. Осы бағытта ұйымдастырылған “Арман жұлдызы” фестивалі — ерекше бастамаға айналды.Арт спорты бағытының ілгері басуына септігін тігізіп келе жатқан ұжымның ұйымдастырған шарасына назар аударсақ.

Мұндай іс-шаралар жастардың өнер, спорт, ғылым сияқты әртүрлі салаларға қызығушылығын арттырып, таланттарын ашуға мүмкіндік береді. Фестиваль арқылы жастар өзара тәжірибе алмасып, жаңа достар тауып, өзіне сенімділігін арттыра алады. “Арман жұлдызы” фестивалі – жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетуге және жаңа таланттарды анықтауға бағытталған. 

ЖАНАР АМАНЖОЛҚЫЗЫ «АРМАН» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Мұндай іс-шаралар жастардың өздерін көрсетуге, жаңа дағдыларды меңгеруге және шығармашылық тұрғыда жетілуге мүмкіндік береді. Фестивальде әртүрлі үйірмелер мен шығармашылық топтар арасында бәсекелестік атмосферасы қалыптасады, бұл жастардың өзара тәжірибе алмасуына ықпал етеді. Сондай-ақ, осы арқылы жастардың арасында бірлік, ынтымақтастық және өзара құрмет қалыптасады дейді ата-аналар қауымы.

ҚАРЛЫҒАШ АСҚАРОВА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

ВИКТОРИЯ АЗИЗҚЫЗЫ АТА-АНА: «Біздің балаларымыз өздерінің өнерлерін ортаға салу үшін Іле ауданынан арнайы келіп отыр. Ауыл жастары үшін осындай орталықтардың ашылуы маңызды деп ойлаймын.Өйткені балаларға өте пайдалы».

Игі бастаманың нәтижесінде жастар қоғамда өз орындарын табу үшін қажетті дағдылар мен сенімділік алады. “Арман жұлдызы” сияқты фестивальдер жастардың әлеуметтік өмірге белсене қатысуына, өз қабілеттерін дамытуына және шығармашылық ойлауын жетілдіруге үлкен септігін тигізеді.

Шара соңында өз өнерлерімен көпшілікті тәнті еткен жастар ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сыйлықтарға ие болды.