Бүгін Алматы қалалық №10 емханада аналар күніне арналған ашық есік күні өтті. Іс-шараның мақсаты ана мен бала денсаулығына аса мән беру, маңызды ескерулерді білуге бағытталды. Осындай ерекше күнге білікті мамандар мен болашақ аналар қатысты.
БАЯН СЕРІКҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №10 ЕМХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҰӘЖ БОЙЫНША ОРЫНБАСАРЫ «ҚР Денсаулық Сақтау министрлігінің ұсынысымен «Аналар күніне» арналған ашық есік күні өтіп жатыр. Бұл ащық есік күні біздің аналарымыздың денсаулығы үшін өте маңызды. Өйткені, ана денсаулығы – бала денсаулығы. Аналарымыз бүгінгі күні біздің барлық кеңесшілердің кеңесінен өте алады».
Кеңесшілердің кеңесіне отбасын жоспарлау, репродуктивті денсаулықты нығайту жұмыстары кіреді. Сондай-ақ, өз денсаулығына қатысты қандай да бір мәселе болса, ол сұрақтарға да жауап ала алады. Егер де, қандай да бір ауру анықталған болса, онда оны ары қарай қалай жүргізу керек, қандай тексерулерден өту керек сынды сауалдар негізінде білікті мамандар жауап береді.
СӘУЛЕ ДОСЫМБЕКҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №10 ЕМХАНАНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ Ағымдағы жылдың 4 айында 258 босану кезеңі өтті. Бізде жүкті әйелдер көп. Олармен сөйлестік, әңгімелестік. Психолог мамандар психологиялық сабақтарын өткізді. Жүкті әйелдерге жүктілік кезінде қандай ескерту белгілері бар екенін түсіндірдік және кішігірім сыйлықтарымызды тарту еттік. Осындай ашық есік күні үшін барлығына алғыс білдіремін. Жүкті әйелдеріміздің аман-есен босануы – акушер-генекологтардың басты міндеті».