Алматыдағы №207 мектеп-лицейде «Шығармашылық шеберхана: Бояулар құпиясы» қалалық сурет байқауының Наурызбай ауданы бойынша іріктеу кезеңі өтті.

Дарынды оқушылар түрлі жас санатында бақтарын сынады. Жарыс "2025 - Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында ұйымдастырылып отыр. Байқау қорытындысына сай жүлделі орындарды мына оқушылар иеленді.

7–10 жас: Күлпейсова Айзере – №176 МГ  
11–13 жас: Атикей Көркем – №176 МГ  
14–17 жас: Халел Жасұлан – №207 МЛ  

Осылайша, жеңімпаздар қалалық кезеңге жолдама алды.  Мектеп ұжымы, ұстаздар мен ата-аналар және оқушылар көп арасынан үздік шыққан балаларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тіледі! 

Видео: https://youtube.com/shorts/4TiKSDp0c-E?si=D7yhh6OXM70vngzO