Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасын жас ұрпаққа насихаттау қазіргі білім ордаларының негізгі мақсатының бірі. Осыған орай, Алматы қаласында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жолдары» тақырыбында семинар жүұмысы орын алды.

Ұлттық болмыс, оны дәріптеу отбасынан, ошаққасынан басталады. Отбасы –тәрбиенің тамаша мектебі. Бүгінгі білім ордасында да ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысын дәріптеу мақсатында «Біртұтас тәрбие бағдарламасын қалай іске асыруға болады?» тақырыбында коучинг ұйымдастырылды. Ата-аналардың қатысуымен өткен бұл жиында ұстаздар бала тәрбиесі жөнінде тың ақпараттармен бөлісті.

ГҮЛЗИРА МОЛДАБАЙҚЫЗЫ №72 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ: «Қазіргі замандағы ақпараттар ағымы заманы болып жатыр. Әлеуметтік желі қазіргі балалардың құралы, тәрбие құралы қазір әлеуметтік желі болып кетті. Көп жағдайда бала тәрбиені көшеден, қоғамнан алады. Осындай мақсатта біз бүгінгі семинарымызда ата аналармен біріге отырып, оның ішінде әкелерді шақырып, осындай үлкен семинар өткізіп жатырмыз. Ондағы мақсатымыз – біздің бұрынғы ата–бабамыздан келе жатқан үш құнды сөз жоғалып бара жатыр. Ол: ұят болады, обал болады, жаман болады деген үш–ақ сөзбен тәрбиелеген ата–бабаларымыз».

Ата-аналарды қолдау орталығының жұмысын дәріптеу мақсатында «Атадан өсиет, анадан қасиет. Ұрпақтан ұрпаққа берілетін отбасылық дәстүрлер мен құндылықтар» атты даналық мектебінің ата-аналармен сайыс өткізілді. Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты, еліміздің көркейіп-өрендеуіне,ел талап-тілектерінің бетбұрыстарына байланысты жаңа ұрпақтың, яғни бастауыш сынып оқушыларымен «Мейірімділік құндылығы», жоғары сынып оқушыларымен «Қазақстанның болашағы білімді ұрпақ қолында» атты ашық тәрбие сағаттары өтті.

ГҮЛІМ ЕРДІХАНҚЫЗЫ АТА–АНА «Бұл мектепте салт–дәстүрімізді дәріптейтін, жеті қазыанмызды, ана тілімізді, ұлттық құндылықтарымызды балаларға тәрбиелейтін өте көптеген іс–шаралар өтіп жатады. Осындай іс–шаралардың басы–қасында көбінде қатысамын. Ата–аналарда белсенді қатысып жатады. Өзіміз білгенімізді балаларымызға үйретіп, білмегенімізді ұстаздардан үйреніп жатамыз».