Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін білімін терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір талабы, қоғам қажеттілігі. Бүгінгі өскелең ұрпақтың ұлттық құндылығын арттыру мақсатында Алмалы ауданында «Театр – ұлт рухының жаршысы» атты айлықтың өту барысында мәдени-рухани кеш өткізілді.

НҰРМАХАН ШЫНАЛИЕВ №24 ЛИЦЕЙДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: «Бүгінгі күннің басты талабы – оқушының бойына тұлғалық болмысты, рухани құндылықты дарыту. Осындай құндылықтарды оқушының бойына қалыптастыру, дарыту мақсатында өткен айда мектебімізде театр айлығы болып есептелді. Осы айлықтың аясында оқушылар көркем шығармалар оқып, театрдағы қойылымдарға барды. Сол қойылымның нәтижесі бүгінгі іс-шарамыз болып табылады.

Басты мақсат – «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылардың көркем шығармаға деген қызығушылығын оятып, театрдағы үздік қойылымдармен ұштастыру. Сонымен қатар, мәдени-рухани кешке М.Әуезов атындағы театрдан танымал актерлар шақырылып, оқушылармен кездесу ұйымдастырылды. Балалар театрдан алған әсерлерін өздері қойған қойылыммен жеткізді. Олар белгілі спектакльден үзінді орындап, қонақтарға паш етті.

ҒАНИ ҚҰЛЖАНОВ ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, АКТЕР «Мәңгілік бала бейнеде» Құмар рөлін ойнағанмын. Сол рөлім үшін Қазақстан Жастар Одағының сыйлығының иегері атандым. Бұл ұлы Болат Атабаевтың қойған спектальі. Орны зор мен үшін. Сол спектакльді бүгін ойнаған балаларға алғысым шексіз. Балаларда шынайылық бар. Олардың ойы да, сөзі де таза. Сол жағынан мен тәнті болдым».

Мектеп жасындағы балалардың кітапқа құмарлығын оятып, танымдық-мәдени дамуына жол ашылды. Оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру жолында көркем әдебиетті оқу арқылы және театрдағы қойылымдарды тамашалау тіл тазалығын сақтап, ұлттық тәрбиеге деген қызығушылығын ояту біздің маңызды мұратымыз болмақ.