Кешеден бері әлеуметтік желіні шулатып жатқан тақырып – капелдинер әйелдердің заңсыз жұмыстан шығуы. Тірлігімізді емес, түрімізді бағалады деген шағымданушылар жайлы толығырақ тарқатсақ.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының капелдинер әйелдерінің шағымы шартарапқа тарауда. Әділдік іздеген адал еңбекті азаматтар әділетсіздіктің орын алғанына қынжылады. Даудың басы – шілде айынан  басталған. Театр қызметкерлері еңбек демалысына шығуға дайындалып жатқан уақыттарында, күтпеген жерден кадр бөлімінің басшысынан жұмыстан босатылғандары туралы хабар алған.

ЖАНАР ТЕМІРБОЛАТҚЫЗЫ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚҰОБТ КӨРЕРМЕНДЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ БӨЛІМІНІҢ БҰРЫНҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Сентябрьде біздің театрға Президент келеді. Негізі октябрьда келетін болған, бірақ бізге қате айды айтты. Сосын орысша «не знаю, откуда это дерректриса, но модельный аггенстводан қыздар әкеледі» деді. Ал, біз ше? Деген едік, сендер керек болсаңдар, шақырармыз, біраз модельдерді алып келеді деді».

Тосыннан келген жағдайға тосылып қалған қызметкерлер Е-өтінішпен директорға хатта жолдаған. Бірақ, басшылықтан кері байланыс болмаған. Сондай ақ, уақыт өте келе бөлім меңгерушілерінің бірі азаматтық құқықтық шарт бойынша жұмыс істеуге ұсыныс тастаған.

ЖАНАР ТЕМІРБОЛАТҚЫЗЫ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚҰОБТ КӨРЕРМЕНДЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ БӨЛІМІНІҢ БҰРЫНҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Егер ГПХ ауысқыларыңыз келсе, мына е-өтінішпен директорға жазған хатты алып тастаңдар деді. Не үшін деген едік, бұл театр директорының атына түскен дақ болып тұрады. Сол үшін, аласыңдар. Сосын, ГПХ ауысыңдар деді. Осындай талап қойды».

НАЗЕРКЕ АБЫЛҚАСЫМҚЫЗЫ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚҰОБТ БҰРЫНҒЫ КАПЕЛДИНЕР ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Біз жарты мөлшерлемеде жұмыс жасау дегенді білеміз. Ол жұмыстан кейін біздің қолымызда ешнәрсе келмей қалады. Менің өзімді еш ескертусіз, мәлімдемесіз, қолтаңбасыз пиар бөліміне ауыстырған. Сондай ақ, біздің декретте отырған құрбымыз бар. Олда біздің қатарда тұр. Оның жағдайы не боларын кім білсін?»

Бөлім меңгерушісі тосыннан тоғыз жаққа шашылған қызметкерге дөрекі сөздер айтып, барар жерлерің болса сол жаққа бас сауғалаңдар деген сыңай танытқан. 

ЗУХРА НҰРАХМЕТҚЫЗЫ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: «Білесің бе, Жанар? Маған ары қарай сендерге не боларына бәрібір. Қазір бәрі өтірікке айналып барады. Сендер ересек адамсыңдар, ақыл тоқтатқансыңдар. Менің жағыз білетінім, штатқа қол қойылды. Енді ештеңе жоқ».

Сондай ақ, тіл туралы да мәселе көтерілген. Үш тілді білмейтін қызметкер бізге қажет емес деп қуған қызметкерлердің өзі ағылшыннан мақұрым дейді Жанар Темірболатқызы.

ЖАНАР ТЕМІРБОЛАТҚЫЗЫ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚҰОБТ КӨРЕРМЕНДЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ БӨЛІМІНІҢ БҰРЫНҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Отдел кадрда, басшылар бәрі бізден требует етіп жатыр, бірақ, біреуі де 33 жыл жұмыс істеп жатыр. Екатерина деген қызметкер бір ауыз қазақша білмейді. Олар қалай бізден тіл білуді талап етеді, өздері тіл білмесе. Сонда бұл жерде әділдік қайда?»

Сондай ақ, театрда өрт сөндіру бөлімі жоқ. Ал, ғимараттың 70-80 пайызы ағаштан жасалынған. Бұл үлкен қауіп төндіретін мәселе.

НАЗЕРКЕ АБЫЛҚАСЫМҚЫЗЫ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚҰОБТ БҰРЫНҒЫ КАПЕЛДИНЕР ҚЫЗМЕТКЕРІ:«Бізбен қоса өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері де қысқарту алып жатыр. Бұл мәселенің барлығы тек сыртқы келбетке ғана емес, тәжірибеге де қатысты. Бұл жерде қаншама адам ашылғалы қызмет етіп келеді. Олар барлық жағдайды шеше алады, бәрін біледі».

Айтулы  мәселе жайында Мәдениет және ақпарт министрлігі хабарлама жасаған болатын. Ол хабарламада былай делінген. 

ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ: «Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының қызметкерлеріне қатысты жағдай қолданыстағы заңнамаға сәйкес, театр құрылымын қайта жасақтауға байланысты екенін хабарлаймыз. Өзгеріс бойынша бұрынғы лауазымдар жойылып, жоғары біліктілікті қажет ететін жаңа лауазымдар енгізілді. Осы өзгерістерге қатысы бар барлық қызметкерге бос лауазымдар немесе қызмет көрсету шарты бойынша жұмыс ұсынылған, бірақ олар жұмыстан бас тартып отыр. Айта кетейік, театр барлық өтемақыны төлейтін болады.Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі іске заңды тұрғыда қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері кейінірек жарияланады».

Ары қарай жағдайдың қалай болары уақыттың еншісінде.