" title="YouTube video player" 

Бүгін Алматы әуежайында ХІХ Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері атанған Алматы облысының спортшылары Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко және Аян Тұрсынды жанкүйер қауым, ерекше қошеметпен қарсы алды.

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық спортшылар Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында алтын медальмен, Аян Тұрсын Ушу-саньда сайысы бойынша қола жүлдегер атанып, елге оралды. 

ЭДУАРД ЕЩЕНКО ХІХ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ: «Біз өте қуаныштымыз. Әрине шаршадық. Денемізді қалпына келтірудеміз. Бұл біздің спорт жолындағы Азия ойындарындағы ең бағалы медальіміз. Барлықтарыңызға берген қолдауларыңыз үшін рахмет айтамыз». 

АЯН ТҰРСЫН ХІХ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ:  «Аллаға шүкір осындай дәрежеге жеткенімізге. Әуелі Аллаға шүкір, одан кейін тренерларға, барлық осы біздің дайындығымызға үлес қосқан адамдарға, барлықтарына рахмет!».

ӘСЕМ ОРЫНБАЙ ХІХ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ: «Жарыс өте керемет өтті. Дайындығымыз өте жақсы болды. Өзім дициплина бойынша жарысқа түстім. Үшеуінен де медаль алып отырмын.Бізде мықтымыз».

Азия ойындарында Қазақстан Республикасының құрама командасы сапында Алматы облысынан барлығы 10 спортшы бақтарымен баптарын сынады. Алда өңірден ел намысы үшін 5 және 7 қазанда әйелдер күресінен Марина Седнева мен джиу-джитсу өкілі Мариан Ордабаева сынға түспек. Естеріңізге сала кетейік, Азия ойындары – Азия Олимпиада кеңесінің (АОК) басшылығымен төрт жылда бір рет өтетін Азия құрлығының спортшылары арасындағы кешенді спорттық жарыс. Қазақстан Азия ойындарына 1994 жылдан бері сегізінші рет қатысып отыр.