Алматы облысы Есік мемлекеттік дендрологиялық паркінде академик А.Жанғалиевтың 110 жылдығына орай, ғаламшардағы барлық алма атаулының атасына баланып кеткен сиверс алма ағаштарының генефонын сақтай отырып,жабайы жеміс ағаштарын қалпына келтіру,жергілікті сорттарды көбейту үшін тиімді пайдалану тақырыбында семинар өтті. Толығырақ келесі тақырыпқа назар аударсақ.

Академик Аймақ Жанғалиев  және әлемнің жетекші ғалымдары қазақ жерінде өсетін жабайы Сиверс алмасы жершарына таралған алманың негізгі түбірі екенін ғылыми тұрғыдан дәлелдеген тұғын. Табиғаттың берген тартуының  генофондын  пайдаланып, сорттарды көбейту және жабайы жемісті ормандарын қалпына келтіру мақсатында өткізілген шарада аталмыш парк қызметкерлері, Жоңғар Алатауы,Көлсай көлдері ұлттық табиғи паркі өкілдері, сонымен қатар Иран елінен арнайы келген осы салаға қатысты мамандар бас қосты. Жиында академик Жанғалиевтің көзін көріп,бірге қызмет атқарған әріптестері өнімді әлемге паш етудегі еткен еңбектері жайлы,сонымен қатар бұл алманың ерекшелігі,тамыр жүйесі күшті дамыған аурулар мен зиянкестерге төзімділігін сөз етті.  

ТЕМІРЛАН МАМИЕВ «ЕСІК МЕМЛЕКЕТТІК ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҒЫ» РМҚК ДИРЕКТОРЫ: «Академик Жанғалиевтың Сивер алма ағашын шығарғанын,соны бүгін адамдарға жеткізіп жатырмыз. Бізде көбісі шетелден алып келеді алма ағаштарын. Бірақ олар ауырады,біздің табиғатқа сәйкес келмейді. Біздің алма ағаштар мына табиғатқа бейімделген. Ауру жағынан шетелден келген алма ағаштар осы жерде ауырады. Бір ауру бар бакажок деген. Оның емін ешкім тапқан жоқ қалай емдеуге болатынын.Соған көмек ретінде көшеттерін шығарайын деп отырмыз».

Сиверс алмасының генетикалық қоры арқылы алма сорттарын жақсарту үшін дендропарк аумағында арнайы зертхана жұмыс жасауда.

НҰРЖАН МЫНЫХАН «ЕСІК МЕМЛЕКЕТТІК ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҒЫ» ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ КАДР ЖҰМЫСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: «Бізде өсімдіктердің өнімділігін жақсарту үшін дендропарк аумағында соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған өзіміздің зертхана жұмыс жасауда. Сиреп бара жатқан жеміс ағаштары бар мамандар кәзіргі таңда сол бағытта қарқынды жұмыс істеуде».

ДАРХАН РАЗБАЙҰЛЫ ЖУРНАЛИСТ «Академик А.Жанғалиевтың мұрындық болуымен Сиверс алма бағы 2006 жылы құрылған. Дәл бүгінгі таңда осындай мұра етіп қалдырған табиғи өнімді дәріптеу үшін бүгінгі семинардың маңызы өте зор».

Ғалымдардың сөзінше,бұл жеміс түрінің өте бағалы емдік қасиеті де бар. Дәрігерлер  ішек-қарын және авитаминоз ауруларынан тезірек жазылу үшін жеуге кеңес береді.  Олар ыстыққа да, суыққа да төзімді келеді және дәруменді сорттар шығаруда селекциялық мәні өте жоғары.