Оқу жылы аяқталып, білім орындарында кезекті педагогикалық кеңестер өткізілуде. Алматы қаласында №209 мектеп-гимназиясында «Өзара байланысты құзыреттерді енгізу арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту» атты педагогикалық кеңес өтті.

АЛТЫНБУ МЕШІТБАЙҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №209 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОҚУ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ «Функционалдық құзіреттілік дегеніміз – оқушылардың әртүрлі пәннен алған білімін өмірде тиімді пайдалана білуі. Яғни, әртүрлі пәннен алған білімін оқушылар өмірде тиімді пайдалана білуі керек. Қиын жағдайлар болады, әртүрлі ситуациялар болады, түрлі проблемалық жағдайлар болады, сондай кезде оқушы өз алған білімімен ситуациядан шыға алуы. Қазіргі таңдағы ПИЗА сынды әртүрлі бақылау жұмыстары арқылы оқушының алған білімінің сапасын анықтай аламыз». 

Айта кету керек, функционалдық сауаттылықты меңгеру ұстаздар үшін де таптырмас білім болмақ. Себебі, ұстаздың басты міндеті – сапалы білім беру, оқушылардың жеке қабілеттерін ашу және дамыту. Сондай ақ, мектеп басшысы жыл аяғында білім сапасының 2-3 пайызға төмендегенін байқап, жаңа оқу жылында үздік 100 ұстазға арнайы тегін курс сыйламақ.  

БОЛАТ ҚАНАТҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ №209 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Біз функционалдық сауаттылықты №209 мектеп гимназиясында тетік ретінде Lasson Stady арқылы енгізейік деп отырмыз. Біз KPI өткіздік. Соның нәтижесі арқылы 100 мұғалімді анықтадық. Сол үшін біз мектеп қаржысынан, үздік 100 мұғалімге Lasson Stady курсын сатып алдық. Осы ұстаздарымыз курсты тамыз айында өту арқылы фунционалдық сауаттылықты қалай енгізетінін зерттейді, содан кейін балалардың оқу сауаттылығын көтереміз».

Басшылық жаңа үлкен жобаның өз оң нәтижесін беріп, білімді ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздар жақсы көрсеткіш көрсететіндеріне үлкен сенімдерін білдіруде.