23 мен 24 қараша аралығында Төтенше жағдайлар министрлігінің ұйымдастырушылық нұсқауына сәйкес «Қыс-2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Шараға қатысып қайтқан тілшіміз тарқатып берсін.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарды одан әрі жетілдіру аясында ұйымдастырылған шара өз деңгейінде өтті. «Қыс-2023»  оқу-жаттығу 2 кезеңде, бірінші кезеңде АҚМЖ басқару органдары, болжам негізінде ықтимал төтенше жағдайларды жою жөніндегі функционалдық міндеттерді орындауға  күштері мен құралдарын қолдануды дайындау және ұйымдастыру бойынша хабарландыру жүйесіне тексеру жүргізілген болатын.Бүгінгі күнгі екінші кезеңде тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде түрлі авариялық элементтерін тәжірибелік пысықтаумен жедел жағдай бойынша төтенше жағдайларды жоюға шешімдер қабылданды. Батыс жылу кешенінің аумағында авариялық апатты қлпына келтіру жұмыстары,өрт ошақтарын ауыздықтау, сондай ақ адамдарды әртүрлі тәсілдермен эвакуациялау жұмыстары пысықталды.

ЕРМЕК ТОҚТАРҒОЖИН АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ №6 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қалалық қызметтер мен азаматтық қорғау құралымдарының қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығын тексеру барысында зардап шеккен адамдарды қабылдау бекеттері де ұйымдастырылды.

АБАЙ АСЫЛБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘУЕЗОВ АУДАНЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ