Бүгін Алматыда Қарасу ықшам ауданының Мостовая көшесінің бойында автобус өртенді. Оқиға орнына Алатау ауданының құтқарушылары дереу жеткен. Қабылданған жедел шаралар мен өрт сөндірушілер келген сәттен бастап 7 минут ішінде 10 шаршы метр аумағында өрт ауыздықталған.

ГҮЛДАНА НҰРЫМБЕТОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫ ЖОЮ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ: «Өрттің алдын ала себебі – бұл автобустың маторы орналасқан бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Атап өту қажет, көлік құралдарындағы өрт тез 2-3 минуттың ішінде таралады. Осыған байланысты өрттің алғашқы белгілері пайда болған кезде, жолаушыларды дереу эвакуауиялық жолдардан шығаруы тиіс».

Оқиға орнына Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 10 адам және 2 бірлік техника тартылды. Абырой болғанда зардап шеккен адам жоқ.