Алматыда алғаш рет Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу иститутында жүрек жеткіліксіздігі ауруына шалдыққан науқастарға қашықтан бақылауға болатын кардиостимулятор қойылды.

Кардиостимляторды қашықтан бақылауға болады. Ол үшін науқастың ұялы телефонына арнайы бағдарлама жүктеледі. Сол арқылы дәрігерлер жүректің қызметін қадағалап отырады. Алматыда алғаш рет осы мониторинг жүйесі іске қосылды. Оны алматылық дәрігерлер ресейлік әріптестерімен бірге жүзеге асырды.

МАРАТ ПАШИМОВ КІА ҒЫЛИМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ «Біз қойып жатқан кардиостимуляторлар спутник арқылы біздің дәрігерлер қадағалай алады. Давление қандай? Плюс қандай? Жүрек қалай жұмыс жасап жатқанын. Бір себептер болатын болса, давление түспесе, жүрек дұрыс істемейтін болса, бізге тез сигнал келеді».

Алматы облысының тұрғыны Алымжан Амраев 20 жылдан бері дәрігерлердің бақылауында. Осыған дейін 4 рет кардиостимулятор қойған. Ал, бұл жолы етпен бірігіп кеткен электродтар алынып тасталды. Себебі, сол орында асқыну пайда болған.

АЛЫМЖАН АМРАЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Екі ай болды жаңа аппаратты салғанына. Қалып қалған электрот мазалай бастады. Іштен инфекция жарақат іріңдеп содан ауырып келдім.  Екінші числода Россиядан келген профессор операция жасады. Оның тәжірибесі бар екен ондай операцияларға».

Қазір қазақстандық дәрігерлер  кардиостимуляторды енгізуді жақсы меңгеріп алған. Бірақ электродтарды имплантациялау бойынша әлі де тәжірибені арттыра түсу керек, дейді мамандардың өздері.

БАҒДАТ АХЫТ ҚІА ҒЗИ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ «Салынған стимуляторларды алу әсіресе электродтар деп айтылады. Қосымша сымдарды алу проблемалары қазіргі уақытта аз емес. 1716 Оны алу кезінде кейбір жағдайда асқынулар болады. Жүректің бұлшық еттері жарылып немесе тесіліп кетсе науқас жедел түрде қайтыс болып кетеді».

Ресейлік аритмолог дәрігер Сергей Артеменко қазақстандық әріптестеріне дәл осы жүрек ырғағы мен өткізгіштігіне қатысты білгенімен бөлісуге арнайы келген.