Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатқан фото, видеодағы үйлену тойындағы ерекше торт қазақстандықтарды таңқалдырды.Алматылық блогер Әлішер Келгенбайдың үйлену тойы футбол стилінде өтті.

Жас жұбайлар киімдеріне танымал футбол клубтарының эмблемаларын қолданған. Мысалы, «Real Madrid-тің» эмблемасы қалыңдықтың ақ жамылғысында болса, «Barcelona» футбол клубының символы күйеу жігіттің костюміне тігілген. Сондай-ақ қалындық қолына әдеттегідей ақ гүл емес, қара түсті гүл шоғын ұстап жүрді. Бұдан бөлек, қонақтардың көңілін көтеруге «Месси» мен «Роналдо» келді. Әлеуметтік желі қолданушыларын көп деңгейлі алып торт та бей-жай қалдырмады. Мейманхана төбесімен бірдей дерлік торт футбол клубтарының эмблемаларымен, кубок, доп, қалыңдық пен күйеу жігіт бейнесіндегі формалармен безендірілген.