Алматыда түнімен таңға дейін 10 сантиметрге жуық қар жауды. Қалың түскен ақ ұлпа,көлік қозғалысын қиындатты. Салдарынан сағаттап көлік тығыны орын алды. Қалада  көшелер мен жаяу жүргіншілер жолын, тротуарларды жинауға мамандандырылған  452 дана техника, 1200-ге жуық адам жұмылдырылды. Жолға көктайғаққа қарсы реагенттер себіліп, аялдама, қоғамдық пайдалану орындары мен аула аумақтары қардан тазартылды.

ДУЛАТ ӘШКЕНОВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

«Қазгидромет» ел аумағында 2 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.Синоптиктердің дерегінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Мамандардың айтуынша оңтүстік, оңтүстік-шығыс, оңтүстік батыста жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында күшейе түспек.Еліміз бойынша тұман, боранмен бірге желдің жылдамдығы артып, оңтүстік, оңтүстік батыста көктайғақ болмақ.