"

Бүлдіршіндерге қамқорлық танытып,өмірдің бар бақытын сыйлау қоғамдық борышымыз. Балаларды қорғау күні мерекесіне орай Алматы қалалық номері 10 емхананың дәрігерлері ана мен бала қоғамдық орталығына арнайы барып игі шара ұйымдастырды.  

Аналар үйіндегі өткен ашық есік күні  білікті мамандар сәбилердің денсаулықтарын толық тексеруден өткізіп, қажет болған жағдайда нұсқаулық тағайындады. Еліміздегі әр сәбидің денінің сау болып ержетуіне зор үлестерін қосып жатқан ақ халатты абзал жандар мұндағы әр нәресте мен аналарға сый сыяпаттарын да ала келген.

БАЯН ӘЛКЕЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ № 10 ЕМХАНАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мақсатында,жас аналарға қолдау көрсету негізінде құрылған орталықтың құрылғанына 11 жылдың жүзі болған. Бүгінгі шарада аналар үйінің мамандары дәрігерлер қауымына өз алғыстарын жеткізді.

МАЙРА ТҰРСЫНБАЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ №1  АНАЛАР ҮЙІНІҢ АЙМАҚТЫҚ МАМАНЫ

Сауапты іс мұнымен шектеліп қалмай емхананың өзінде де жалғасты. Жыл сайын дәстүрге айналған бүгінгі шараға балаларға ерекше құрмет көрсетілді. Ақ халаттылар арнайы сыйлықтар табыстап,бүлдіршіндердің көңілдерін көтеруге тырысты. 

ГҮЛСІМ САДЫРБАЕВА АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ № 10 ЕМХАНАНЫҢ БАЛАЛАР БӨЛІМІНІҢ АҒА МЕДБИКЕСІ
 
Аталмыш емханада 6 мыңға жуық бала тіркеуде тұр.Әрқайсысының денсаулығы мұндағы дәрігерлердің жіті бақылауында.

АИДА ЕРЖАНҚЫЗЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ № 10 ЕМХАНАНЫҢ ПЕДИАТРИЯ БӨЛІМІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Ашық есік күні келген балаларға жақсы көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін мерекелік шараға ұласты.