«Шынайы білім фактілерді білуден емес,  оларды дұрыс қолдана білуден құралады» дегендей бүгінгі  білім беру жүйесінің негізгі бағыты оқушылардың білімі мен іскерлік дағдыларын кеңейтіп, шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастыру. Осы орайда  Жаратылыстану-математикалық пәндерінде білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру бүгінгі заман талабы.  Алматы қалалық "Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығымен 208-ші мектеп-гимназия өткізген кең ауқымды семинарда  Республиканың озық педагогтары бас қосып, тәжірибе алмасты. Мақсат,  еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы ойланып, жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз болу. Президент Жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. 

ГҮЛЖАНАТ БАЙБОЛОВА - "ӨРЛЕУ" БАҰО АҚФ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ КДИ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПӘНДІК ӘДІСТЕМЕ КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ

 ГҮЛБАҒДА ЕСЕЙХАНҚЫЗЫ - №208 МЕКТЕП- ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫ