Алматының Наурызбай ауданында жүк көлігі автобуспен соқтығысты. Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жол-көлік оқиғасының салдарынан автобустың тоғыз жолаушысы зардап шекті. 

Оқиға сағат 9.15-те Наурызбай ауданында болды. Шаляпин көшесінің солтүстігінде Әшімов көшесімен келе жатқан жүк көлігі аялдамада тұрған нөмірі 137 автобусқа соқтығысқан.  Инерцияның кесірінен автобус жолдың шығыс жағына шығып кетіп, жеке үйдің қоршауына соғылған.Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 7 қалалық клиникалық аурухананың жедел жәрдем бөліміне жеткізілген зардап шеккендер денсаулығы қаралып, қажетті тексерулер жүргізілген.

АСЫЛБЕК ЕМБЕРДИЕВ №7 ҚКА ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ 

Оқиғаның басқа мән-жайлары анықталуда. Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жұмыстарын бастаған.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ