Алматы мәслихатының кезекті сессиясында қала бюджеті қайта қаралып, үнемделген қаражат маңызды бағыттарға қайта бөлінді.
Алматыда үнемделген қаражат 54,9 млрд теңге. Аталған ақша қала тұрғындары үшін аса құнды және әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға бағытталатын болады. Мәселен, білім беру саласына қосымша 6,7 млрд теңгеге бөлінді.
ҚАНАТ СУХАМБЕКОВ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Мемлекет басшысының «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру бойынша тапсырмасын орындау шеңберінде Ақбұлақ Саялы және Теректі шағын ауданындарында, Розыбақиев – Левитан көшесінде 5 600 орындық 4 мектептің құрылысы аяқталуда. Жаңа оқу жылында аталған мекемелерді қамтамасыз ету үшін 1,1 млрд. теңге бөлу жоспарда. Сондай-ақ, құрылысы жүріп жатқан 2 мың орындық мектепке кіреберіс жол мен автомобиль тұрағын салу үшін 856 млн теңге қарастырылған», Аталған мектептер үшін қосымша 110 мың данадан астам оқу құралдарын сатып алуға, сондай-ақ 2017 жылғы 100 мыңнан астам ескі оқулықтарды ауыстыруға 225 млн теңге бөлінеді, бұл оқушыларды заманауи материалдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, көлік инфрақұрылымын қаржыландыруға 13,9 млрд теңге қарастырылған. Қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев Сейфуллин-Жансүгіров жолайрығын іске қосу бірқатар көшелердің өткізу қабілетін орта есеппен 15-20%- ға арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті
САҒЫНДЫҚ ТЕЛІБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МОБИЛДІЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Сейфуллин-Жансүгіров жолайрығына келер болсақ, он мен сол жақ сьездері толық аяқталды. Тротуарларды салу аяқталды. Қазір туннель жқмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнда екі бағытта қарастырылған. Жолды ашайық деп отырмыз»
Жалпы 126 жер учаскесін сатып алу үшін 9 млрд теңге бөлінеді. Алынған учаскелер қолданыстағы көшелерді кеңейту және жаңа метро бекетін салуға қажет.