Алматы облысында едені ескіріп, шатыры тесілген спорт ғимараты бар. Әлі күнге дейін күрделі жөндеу көрмеген нысанда балалар жаттығып жатыр. Естір құлар көрер көз таппаған мекеме ұжымы арнамызды шақырып мұңдарын шақты.
Аты дардай, күйі жоқ спорт мектебі Алматы облысына қарасты Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының қақ ортасында орналасқан.
40 мыңға жуық адам тұратын Шелек ауылындағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің сыйқы осы.Бұл нысан 1957 жылы бой көтерген. Міне осы уақыттан бері күрделі жөндеу жұмыстарын көрмеген. Балалар жаттығып жатқан залдың қабырғалары қақырап,едені ескірген.Жауын шашын болған күндері сорғалап су ағады.
ЕРЖАН НҰРХАЛЫҚОВ ЖОҒАРҒЫ ҰЛТТЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ ТӨРЕШІ,АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
ОЛЖАС УӘЛИ ЖУРНАЛИСТ
Бұл жерде ауыл жастары Кеңес үкіметінің тұсында жаттыққан.Қазір отын жинайтын жерге айналыпты. Спорт ғимаратының түбінен газ құбыры тартылса да, көгілдір отынға қосылмапты.
Тозығы жеткен спорттық мектеп расын айту керек қауіпті жағдайда.Өткен жылғы жер сілкінісінен қабырғалары жарылған.
Тағы бір өзекті мәселе спорт залдан шығатын кәріз жүйесінің қолқаны қабатын жағымсыз иісі. Оны ғимаратқа кірген сәттен бастап сезуге болады.
Айта-айта естір құлық,көрер көз таппаған спорт мектебінің басшылығы осылайша арнамызды шақырды. Расымен күйлері жоқ,қыстың күні бүрсеңдеген балалар қалың киініп жаттығудан басқа амалдары жоқ.
ЕЛМҰРАТ ҚАЙЫПЖАНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ №2 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Спорт мектебін басқарып отырған Елмұрат Қайыпжанов қазақтың көк туын көтеріп,әлемді мойындатқан азамат. Мақсаты ауылдың қара домалақтарын әлемдік додалы тартыстарда жеңіс тұғырынан көру. Бүгіннің өзінде бұл мектептен Азия мен әлем чемпиондары шыққан.Жеткен жетістіктері көп.
ЕЛМҰРАТ ҚАЙЫПЖАНОВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ №2 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
№2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде балалар спорттың бірнеше түріне тегін қатыса алады,тек жастардың жаттығатын күйі қашқан. Естір құлақ табылса,қолға алады деген үмітіміз бар.