Алматы қалалық Әділет департаментінің қызметкерлері контрафактілік ойыншықтарды заңсыз пайдалану мен сатудың жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 4 мамырынан 09 маусымына дейін "LEGO Juris A/S" компаниясының өкілдерімен бірлесіп тексерулер жүргізді. Осы іс-шаралардың нәтижесінде жалпы құны 1 202 450 теңге болатын 894 бірлік контрафактілік тауарлар тәркіленді, айтулы мәселе бойынша сот 3 құқық бұзушыға 251 700 теңге көлемінде айыппұл салды, ал контрафактілік тауарларды мамандар,көзін жойды.
ЕРКЕБҰЛАН ЖЕТПІСБАЕВ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ