Алматы қаласындағы №164 мектепте қарттар арасында шахматтан жарыс өтті. 1 қазан күні бастау алған іс-шара аясында қариялар жеңіл атлетикадан, бильярдтан бақтарын сынаған еді.

Он шақты жылдан бері үрдіске айналып келе жатқан шара бүгін шахмат ойынымен жалғасып отыр. Алдағы күндері үстел теннисінен,дойбы,тоғызқұмалақ ойындары бойынша жарыс өткізу жоспарланып отыр. Қазына кеуде қарияларға құрмет есебінде өткізіліп отырған шара ай бойы жалғасын таппақ.

ТАУБАЛДЫ САҒАТУЛЛА АЛАТАУ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Ең соңында 30 қазан күні өнер жарысы болады. Бізде бастауыш ардагерлер ұйымы 35. соның ішінде 20 ұйым қатысады жылда. Қандай жарыс өткізсекте артынан сол қатысқан кісілерге дастархан жайып,шәйімізді береміз. Ол енді құрмет».

Қажырлы еңбек етіп,халқымыздың болашағы үшін тер төккен қарттарымызды мектеп әкімшілігі де құттықтап,өз тараптарынан сый құрмет көрсетті.

БАҚЫТГҮЛ ҚҰСАЙЫНОВА №164 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ: «Алдыңғы ата-апаларымыздың төл мерекесі. Осы айтулы мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулықтарыңыз мықты болып балалар мен немерелеріңіздің қызығын көріңіздер. Қариясын құрметтеген елдің қашанда абыройы биік,мерейі үстем болары анық».