Алматы әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Ұшып келетін және ұшып кететін рейстер қалпына келтіріліп жатыр. Алайда, дәл уақытында діттеген жеріне жете алмаған жолаушылар наразылықтарын білдірді.
Кеше түстен кейін жауаған қар, әуежай жұмысына кедергі келтірді. Бірқатар рейс кешігіп ұшты. Бүгін таңертең де сондай жағдай болды. Діттеген жеріне уақытында жете алмаған жолаушылардың бірі алматылық Қажыбек Қабиұлы таңғы 06:30 бастап ұшағына отыра алмаған.
ҚАЖЫБЕК ҚАБИҰЛЫ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ «Жоқ-жоқ. Енді сіз далада жауған қарды көріңізші. Ары кетсе 5-7 см. Қыста 30 см дейін қар жауады. Ондай кездерде де ұша беретін. Осы 7-5 см бола самолет ұшпай қалды дегенге мен сенбеймін. Не мыналар дұрыс жауап бермейді. Мына жерде болмаса FlyArystan кассасы да жоқ. Мен таңертеңнен осы жерде жүрмін»
Азаматтық авиация комитетінің өкілдері, жолаушылардың қауіпсіздігі үшін осындай қадамға барғандарын жеткізіді.
ӘДІЛЕТ КӨБЕНОВ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕ КОМПАНИЯСЫН РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ «Яғни, әуе компанияларда қауіпсіздік төнуі мүмкін деген күман болған жағдайда рейс орындалмайды. Сондықтан, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, тиісті шараларды қолдану үшін әуежай 2 сағатқа жабылған болатын. Ол жабылған кезде тиісті шаралар қабылданды. Соған байланысты әрине кейбір рейстар кеш орындалды».
Қар тоқтап, тұман сейілгенен кейін әуежай қалыпты режимде жұмыс істей бастады. Рейстердің барлығы орындалады. Ұшу-қону жолағы таза.