«Алтын глобус» марапаттау рәсімінде кино және телевидениенің танымал жұлдыздары қызыл кілемнен өтті. Бұл өткен жылғы қос ереуіл шоу-бизнесті тығырыққа тірегеннен бергі Голливудтағы алғашқы үлкен оқиға.

Марапатқа әлемнің түкпір-түкпірінен таңдалған кино және теледидар саласындағы үздіктер ие болады. Салтанатты шара Голливудтың жыл сайынғы марапаттау маусымын бастайды. Ол 10 наурызда Оскар сыйлығын табыстаумен аяқталады.
Енді әлем жұлдыздары бас қосып, соңғы фильмдері мен телешоуларын насихаттауға мүмкіндік алды.

НИКОЛАС КЕЙДЖ АКТЕР: «Мен өте тамаша сезімде тұрмын. Бұл мереке менің 60 жылдық мерейтойыммен тұспа-тұс келді. Бүгін мен 60-тамын. Бұл менің өмірімдегі екінші туған күнім. Біріншісі ең эпикалық болды. Бұл сюрреалистік Феллинидің туған күні, 60-шы туған күн кеші сияқты».

ДУА ЛИПА ӘНШІ: «Бұл өте қызықты, жаңа жылды бастаудың тамаша тәсілі. Менің мұнда бірінші рет келуім, сондықтан мен өте ризамын. Бұл әсерді сезіну қандай бақыт».

Бұл 81-ші «Алтын глобус» салтанаты. Басты жеңімпаз «Оппенгеймер» фильмі болды. Атап айтқанда, «Үздік драмалық фильм», «Үздік драмалық актер», «Үздік режиссер», «Екінші пландағы үздік ер адам» және «Үздік саундтрек» номинациялары бойынша.