Әзербайжанның әскери операциясынан кейін шекаралас жатқан Армения қаласына  Таулы Қарабақтан мыңнан астам бейбіт тұрғындар келді. Оларға жергілікті қонақүйлерде баспана мен тамақ беріледі.

Бұл адамдар Таулы Қарабақтан қашып кеткен этникалық армяндар.Олар Әзербайжан үкіметінің қол астында өмір сүрмейтінін, 120 мыңға жуық армянның барлығы дерлік Арменияға қоныс аударуға шешім қабылдағандарын айтады.

БОСҚЫН: «Ол жерде жан түршігерлік жарылыс болды. Алдымен олар бірнеше сағат бойы бомбалады. Содан кейін шабуылдар басталды. Балалар мектепке қашып кетті. Олар  тура миномётпен оқ жаудырды. Біздің балаларымыз да жарақат алды.  Жертөлелерде тыныштық сақтаушылардың келуін күтіп отырды».

Эвакуацияланғандардың айтуынша, көптеген адамдар бітімгершілік күштері орналасқан Степанакерт әуежайына қарай бет алған. Олар өздерін сол жерден алып кетуге болады деп үміттенеді.Әзербайжан билігі өз азаматтарына жасалған шабуылдан кейін Қарабақ күштеріне қарсы операция бастағанын мәлімдеді. Президент Ильхам Әлиев өз армиясының тек Қарабақ содырларын нысанаға алғанын және бейбіт тұрғындардың зардап шекпейтінін айтты.Ресей осыдан үш жыл бұрын Қарабахтағы 44 күндік соғысты аяқтаған бітімгершілік келісімінің кепілі болды. Айта кетейік, жақында Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян Ресейді Армения үшін жеткілікті түрде әрекет етпеді деп ашық түрде айыптап, оның елі Мәскеумен одақтастығын қайта қарайтынын айтқан болатын.Ресейліктердің пікірінше, Пашинян дағдарысты нашар шешуге өзі кінәлі.