Алатау телеарнасында тұсаукесер! «Алатау» телеарнасы мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірлескен жаңа жобасы.

«AI Ғылым» — заманауи ғылым мен технологияның даму бағытын қарапайым тілмен түсіндіретін, интерактивті сұхбат форматындағы конвергентті бағдарлама. Жүргізушісі - Айгерім Есімхан.

Идея авторы: ҚазҰУ ақпарат және коммуникация департаменті директоры Қаншайым Мәуленқызы. Жоба жетекшісі - Қанат Әуесбай.

Жобаның мақсаты - ғылымды өмірге жақындату, оны көпшілікке қолжетімді әрі қызықты ету. Көрермен жасанды интеллект, инновация, жаңа технологиялар және ғылыми жетістіктер туралы өз саласының мамандары мен жас ғалымдардың пікірлері арқылы ақпарат алады.

Бағдарламаны жұма кешкі жаңалықтар топтамасынан кейін сағат 19:25-те «Алатау» телеарнасының эфирінен көре аласыздар.