Алматыда Арша театрының ұйымдастыруымен Талғат Теменовтың Гүлназ повесінің желісіне негізделген «Махаббат станциясы» спектакілі  алғаш рет көрермен назарына ұсынылды.Толығырақ алдағы бейнематериалда.

«Махаббат станциясы» Талғат Теменовтың шығармашылығындағы және қазақ киносы мен музыка тарихындағы орын алатын ерекше туынды. Ондаған жылдарға қарамастан, өзектілігін жоғалтпай, жастарға махаббаттың, адалдықтың және өмірге деген үміттің маңыздылығын еске салып келеді.

СЕРЖАН МОЛДАСАНҰЛЫ «АРША» ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ «Арша» театры Қоңыр Media Group- тың тағы бір жаңа жобасы, біз  енді жаңа театр ашып жатырмыз.Оның құрамы биылғы Жүргеновты бітіретін жас таланттар.Т.Теменовтың  Махаббат станциясын қойып жатырмыз.Оның бір артықшылығы, оның киносы бар, жалпы шығарма бар повесть, бұл өзі театрда сахналанбаған бірінші рет.Сондықтан да енді бұл Аршаның ең алғашқы бір үлкен жаңа туындысы деп айтуға болады».

Арша театрының бұл туындысы өнерге енді қадам басып келе жатқан жас таланттардың алғашқы туындысы. Қойылымның сюжеті 90-шы жылдардың басындағы жас жұп –Гүлназ ен Оралдың  махаббат тарихын, сол кездегі жастардың өмірге деген көзқарасын, олардың қиындықтар алдындағы табандылығын, адалдығын және бақытқа деген ұмтылысын шынайы бейнелейді.

АБЫЛАЙХАН ЖӘНІБЕК «АРША» ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРЫ «Махаббат станциясының премьерасында Жеңіс атты персонажды сомдап шығамын.Жалпы Махаббат станциясымен итаныс адамдар Жеңісті де таниды.Енді бүгінгі менің актер ретіндегі мақсатым ол Жеңістің шындығын ашу.Фильмдегі Жеңісті емес нақты фильмде көрсете алмай қалған дүниелерді Жеңістің бір шындықтары бар сол нәрселерді көрерменге көрсетсем деймін».

Бүгінгі күнге дейін өз өзектілігін жоғалтпаған бұл туынды – махаббат, адалдық, арманға деген ұмтылыс секілді мәңгілік құндылықтарды насихаттайды. Ол – қазақ киносының алтын қорына енген, ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған, махаббат пен үміттің жарқын символы.