"

Арыстанбек Мұхамедиұлының 3,5 миллиард теңгеден асатын нысандары мемлекетке қайтарылып жатыр. Бас прокуратура мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру саласында тексеру жүргізді.Олардың ішінде бұрынғы Мәдениет министрі Мұхамедиұлымен байланысты компанияларға сатылған 3,5 миллиард теңгеден астам сомаға тағы үш объекті мемлекет меншігіне қайтару туралы сот талқылаулары жүріп жатыр.

САЯН ӘБДЕНОВ  ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕМИ ӨКІЛІ «Мәселен, 2019 жылы бұрынғы Мәдениет министрі Мұхамедиұлымен үлестес жеке компанияның пайдасына 332 млн теңгеге Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі іске асырылды. Алматы қаласында орналасқан кәсіпорын сатылғанға дейін 662 млн теңгеге бағаланды. Бұл ретте, мүліктік кешеннің нақты нарықтыққұны 1,213 млрд теңгені құрады, сомадағы айырмашылық кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің төмендеуінен көрінді. Алматы қаласы прокуратурасының талап қоюы бойынша сот кәсіпорынды сатып алу-сату шартын жарамсыз деп таныды.  Сонымен қатар, Астана мен Алматыда прокурорлардың талап қоюлары бойынша бұрынғы Мәдениет министрі Мұхамедиұлымен байланысты компанияларға бұрын сатылған 3,5 млрд теңгеден астам сомаға тағы үш объектіні мемлекет меншігіне қайтару туралы сот талқылаулары жүруде. Тексеру қорытындысы бойынша Бас прокуратураның ұсынуы бойынша жүйелі кемшіліктер мен олқылықтар үшін мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 35 лауазымды адамы, оның ішінде өңірлік департаменттердің бірінші басшылары жазаланды».