Астанада жедел жәрдем  фельдшеріне пышақпен шабуыл жасаған ер адам ұсталды. Бұзақы 25 жастағы қала тұрғыны. Оқиға өткен түнде болған. Отбасылық жанжал кезінде зардап шеккен әйел жедел жәрдем қызметін шақырады. Шақыртуға фельдшер келген кезде ер адам мас болып, балағат сөздер айтып, жұмыс істеулеріне кедергі келтіреді.Полиция департаментінің мәліметінше, ер кісі фельдшерді бір бөлмеге кіргізіп, есікті жауып алып пышақпен қорқытыпты.

Медицина қызметкерлері дереу полиция шақырған. Қазір бұзақы ұсталды. Уақытша ұстау бөлмесіне қамалды. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалды.