Астанаға қауіп жоқ. Қазіргі таңда  Елорданың  су реттегішінде 144 млн су көлемі бар. Ал, бұл су реттегіштің жобалық қуаты 450 млн кубты құрайды. Сондықтан, халыққа алаңдауға еш негіз жоқ. Астана маңындағы ауылдарға қатысты қауіп ол Есілден емес, Нұра өзенінен дейді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров. 

НҰРЛАН АЛДАМЖАРОВ ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: «Бүгінгі таңда төмен қарай 30 метр секунд ағызып жатырмыз. Тасып жатқан суды 4 кубқа дейін көбейтуді жоспарлап отырмыз. Тасу қаупі жоқ. Әкімдік тиісті жұмыстар атқаруда. Талапкерге тек Есіл емес, Нұра өзені бойынша 1400 куб секундына жүруде. Сол әсерін тигізуде. Ақмола облыстық әкімдігі мен төтенше жағдай министрлігі тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда».