Аустралияда жаңа заң енгізілді. Енді қызметкерлер жұмыстан тыс уақытта басшыларының қоңыраулары мен хабарламаларын елемеу құқығына ие. Бұл миллиондаған жұмысшылардың өмірін жеңілдетті.

Заң жобасында басқа да жеңілдіктер қарастырылған. Дегенмен, бұл ереже көпшіліктің ерекше сезімдерін тудырды.

КОЛВИН МАКФЕРСОН СИДНЕЙ ТҰРҒЫНЫ: «Менің ойымша, бұл тамаша идея. Түн ортасында электронды хаттар мен телефон қоңырауларына алаңдамау үшін таптырмас дүние. Менің екі балам заңгер. Олар ұзақ уақыт жұмыс істейді, әсіресе жұмыстың қызар уақыты түнде басталады. Енді, барлығынан демалып, уақытылы ұйықтауға мүмкіндік тумақ. Біз машина емес - адамбыз. Демалыс әрқашан қажет".

ИВАН КАРАЖАС СИДНЕЙ ТҰРҒЫНЫ: «Енді демалыс күндері немесе демалыста үйде болған кезде, жұмыс күнінің соңында барлық гаджеттерді өшіріп, демала аламыз. Идея өте миға қонымды және өте қызықты».

Францияда, Германияда, сондай-ақ басқа ЕО елдерінде осыған ұқсас заңдар қазірде өз күшінде.

ФИОНА МАКДОНАЛЬД JOVCENTRE ҚЫЗМЕТКЕРІ: «Өткен жылы біз сауалнама жүргізіп, қызметкерлер орташа есеппен аптасына 5,8 сағат ақысыз жұмыс істейтінін анықтадық. Бұл жылына 280 сағат, 130 миллиард долларды құрайды. Демек, бұл шын мәнінде кішкентай емес, үлкен мәселе. Сондай-ақ сауалнама барысында қызметкерлер бұның ұйқы режиміне, жұмысқа мотивациясына және отбасылық өміріне қатты кері әсер ететінін де айтты».

Алайда көптеген кәсіп иелеріне бұл заң ұнамады. Олардың жұмысына бұндай заң тым қатты шектеу жасайды екен.