"

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев оқуларының аудандық кезеңі өтуде. Бағы жанып оза шапқан оқушылар қалалық деңгейден соң Республика көлемінде өтетін байқауда бақтарын сынамақ. 

Наурызбай ауданындағы білім ошағында өткен «Әр өлеңі -бір әлем» атты байқауға қатысуға 50 ге тарта жаны жырға жақын жастар өтініш берген. Байқау үш түрлі талап бойынша жүзеге асырылып отыр. Нағыз жеңімпазды анықтау үшін әділқазылар алқасы да сайланған.

САЛТАНАТ ҚҰСАЙЫНОВА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ НАУРЫЗБАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Жырларымен бесіктегі сәбиді де тербеген ақын шығармаларымен сусындап өскен,  байқауға қатысушы жастармен тілдесудің сәті түскен еді.

НҰРЛАН ҰЛАН №207 МЕКТЕП ЛИЦЕЙІНІҢ 10 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ