Ораза айының алғашқы күні Ақмешіт-Сырдария орталық мешітінде «Рамазан қоржыны» толтырылған азық-түлік себеттері мен «Ел үлесі — пәтерге» жобасы аясында пәтер кілттері табысталды. Сонымен қатар жаңадан ашылған «Zeket Hub» орталығының жұмысы таныстырылды. 

 «Zeket Hub» орталығында тігінге қызығушылығы бар жандарға арналған тегін тігін курсы өз жұмысын бастады. Қосымша әлеуметтік желімен жұмыс жасағысы келетіндерге смм мамандығы және кілт көшірмелерін жасау  курстарын өткізу қолға алынған.  

МАДИНА ТЕМІРОВА, ТІГІН КУРСЫНЫҢ ҰСТАЗЫ

Баспанаға мұқтаж көпбалалы, аз қамтылған, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға баспана алып беру мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Ел үлесі — пәтерге» жобасын қолға алғаны белгілі. Осы жоба аясында  721-722-ші баспаналардың кілттері табысталды.  

ДҮЙСЕНБАЙ КЕНЖЕТАЙ ҚАЖЫ, БАС МҮФТИ КЕҢЕСШІСІ

Шара барысында  «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы да өткізілді. Бұл «Рамазан қоржыны» 100 отбасына, онда көпбалалы және аз қамтамасыз етілген, мүмкіндігі шектеулі отбасыларына сонымен қатар Соқылар қоғамына үлестірілді.