Ақмола облыстық прокуратурасы Степногорск мемлекеттік органының қызметкерлеріне негізсіз сыйақы төлеудің дерегін анықтады. Белгілі бір заңнамаға сәйкес шығын түрлері бойынша мемлекеттік мекемеде артық қаржының жоқтығына қарамастан осындай заңсыздыққа барған. Соңғы екі жылда қызметкерлерге негізсіз түрде сыйақы беріліп келген. Жалпы сома 13 миллион 400 мың теңге.

МАДИНА САҒЫМБАЕВА СТЕПНОГОРСК ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ: «Мысалы, тек үш айдың ішінде мекеме 6 миллион теңгеден астам 6 қызметкерге негізсіз сыйлық берді. Әр қызметкердің сыйлықақыларының мөлшері 1 миллион теңгеден асты. Аталған фактілер бойынша қала прокуратурасы мемлекеттік мекеменің атына қадағалау актісін енгізді. Қазіргі уақытта мемлекеттік бюджетке ақша қаражатын қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде»