"

Ақмола облысына қарасты Астрахан аудандық соты Острогорск ауылдық округінің бұрынғы әкіміне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық істі қарады. Оған денсаулыққа зиян келтірді деген айып тағылған.  Новый Колутон ауылында әкім мен сол елді мекендегі серіктестік қызметкері арасында кикілжің туындаған. Даудың басы тұрғындарға ауыз су берілмеуінен басталған. Жанжал кезінде әкім қызметкердің басынан ұрған, жәбірленуші жерге құлаған. Экс-әкімнің кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен және сарапшының қорытындысымен расталды.

ЖАНГЕЛДІ АХМЕТОВ, АСТРАХАН АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ «Қазақстан Республикасы  Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-1-бабының 1-бөлігімен Острогорск ауылдық округінің бұрынғы әкімі кінәлі деп танылып, оған 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде  айыппұл салынды».