Мектеп асханасынан шу шықты. Ақмола облысы Зеренді ауылында оқушыларға тамақ қалдықтарын беріп келген. Мына видео әлеуметтік желіде бүгін тез тарап, жүз мыңдаған қаралым жинады. Оның астына жазылған пікірлер де көп. Біздің тілшілер Ақмола облыстық білім басқармасына хабарласып мән-жайды анықтаған еді. Олар бұл ақпаратты растады. Видео осыдан екі күн бұрын түсіріліпті. Мектеп асханасы жеке кәсіпкердің бизнесі болғандықтан, бас салып тексеріс жүргізуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан, басқармаға хат жазып, жақын арада тексеріс жүргізілетінін хабарлаған. Егер, соның нәтижесінде кәсіпкердің кінәсі анықталса, онда тамақтану қызметін көрсету туралы шарт тоқтатылады. Жауапты тұлға заңда белгіленген тәртіппен жазаланады.
Ақмола облысында оқушыларға тамақ қалдықтарын беріп келген
- Толығырық
- Категория: Алатау ақпараты
- 181 рет қаралды